Жаңашыл ұстаз – заманауи білімнің жаршысы

Жаңашыл ұстаз – заманауи білімнің жаршысы

Байғазиева Алтынкүл Алыпбекқызы тарих пен қоғамтану пәндерін оқытумен айналысып келе жатқан тәжірибелі ұстаз.
Ол 1986 жылы Шымкент педагогикалық институтын аяқтап, сол жылдан бастап еңбек жолын Шымкент қаласындағы №25 орта мектепте бастады. Бүгінде еңбек өтілі — 38 жыл. Қазіргі таңда №132 жалпы орта білім беретін мектепте ұстаздық қызметін абыроймен атқаруда.

Алтынкүл Алыпбекқызы – оқушы бойындағы шығармашылық қабілетті ашып, танымдық біліктілігін дамытуды басты мақсат еткен жаңашыл мұғалім. Ізденімпаздығы мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде мектепішілік, қалалық, аудандық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарында шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда, “Фарабитану” қалалық байқауы мен “Тарих ата” республикалық олимпиадасында оқушылары жүлделі орындарға ие болса, халықаралық ғылыми конференцияларда шәкірттері — Тиссен Алина мен Жақсыбаев Нұрдәулет — зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2-орынды иеленді.

Ұлағатты ұстаздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Еңбек ардагері” медалінің 34 иегері. Республикалық педагог-психологтар байқауында 1-орын және “ҚР үздік педагог-психологы” медалі сынды марапаттарға ие болған.
Алтынкүл Алыпбекқызы – өз кәсібіне адал, ұрпақ тәрбиесіне бар өмірін арнаған ардақты ұстаз ғана емес, сонымен бірге ұлағатты ана, өнегелі әже. Сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім берудің мазмұнын арттырып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...