Алматыда студенттерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Алматыда студенттерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Қазақстан-Британ техникалық университетінде Алматы полициясы жастарға интернет алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді. Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары фишинг, жалған сайттар және «бот-банкирлер» туралы нақты мысалдар келтірді.

Полицияның мәліметінше, студенттер тек құрбан емес, алаяқтарға көмектесушіге де айналып кетуі мүмкін. Қылмыстық топтар жастарға «дроппер» не жалған курьер болуды ұсынып, оларды заңсыз әрекетке тартады. Мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік 16 жастан басталады.

Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтық 12 пайызға азайған.

Профилактикалық жұмыс жоғары оқу орындарында жалғасуда. Полиция студенттерді белсенді болуға және күмәнді әрекеттер туралы «102»-ге хабарлауға шақырады.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...