Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету

Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар, Ташқараев Ғани және Бекжанов Берік Шымкент қаласы Абай ауданындағы 500 орынға арналған мектептің құрылыс барысымен танысуы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде өткізіледі, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

Сайлауалды бағдарламада қамтылған осы бағыттардың уақытылы орындалуы «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы үлкен басымдыққа ие бағыттардың бірі білім саласына берілген. Осы орайда “балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету” және “үш ауысымды” мектептердің санын азайту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстардың ауқымы өте кең.

Құрылыс нысаны Абай ауданындағы үш ауысымды мектептер мәселесін түпкілікті шешу мақсатында жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан мектеп пайдалануға берілсе «Құрсай» шағын ауданындағы көптеген оқушының көпшілігінің бір ауысымда білім алуына мүмкіндік туады. Бүгінде «Құрсай» шағын ауданындағы оқушылар саны 3112-ге жеткен.

Мердігер мекеме «Бекназ и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысанның құрылысы былтыр қараша айында басталған. Қазіргі таңда жаңа оқу ғимаратының құрылыс жұмыстары 60%-ға аяқталып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оқу ғимаратының жанынан жаңа үлгідегі спорт залының құрылысы да қарқынды жүруде.Мектеп осы жылдың аяғына дейін ел игілігіне тапсырылады. Жобаның жалпы құны 835 млн тенге.

Шымкентте демографияның өсу үдересі қарқынды. Сондықтан да әлеуметтік маңызы бар нысандарды көптеп салу қала болашағы үшін баянды жұмыс болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Жұмыс тобы тең...

Түркістан қаласында экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістерін арттыру және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері кезекті...

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Жобаны іске асыру...

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия мен Молдова Республикасының Үкіметі бірлесіп...