Депутаттар Бекзат Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жұмысымен танысты

Депутаттар Бекзат Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жұмысымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір топ депутаттар Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Б.Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Мекеменің жұмысын бақылауға облыстық мәслихаттың депутаттары Алмас Сәлімов, Ғалымжан Елшібай, Қайрат Салыбек, Уәлихан Рахиев, Бахыт Басымбек, Ханай Әшірбеков, Ғани Райымбеков қатысты.

Мекеменің іргетасы 1964 жылы бой көтерген. Жалпы алаңы 8305 шаршы метрді құрайды. Негізгі бағыты облыстық құрама командалар үшін, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жасөспірімдер - жастар және негізгі құрамы үшін спорт резерві - спортшыларды дайындау.

Аралау барысында депутаттарға спортшыларлың дайындығы мен мекемедегі бірқатар өзекті мәселелер таныстырылып, ұсыныстар айтылды.

Аралаудан кейін арнайы отырыс ұйымдастырылып, Б.Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Зангар Каскаев баяндама жасады.

Жиын соңында облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әлмаханұлы спортшылардың жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту, спорт түрлерімен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Депутаттар мекеменің мәселесі басты назарда болатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...