Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда

Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы  Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

«Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі - арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына өте аз. Сондықтан да биыл облыс әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда. Одан бөлек, өңірімізде аквапарк салу мәселесі де басты назарда. Айта кететін жайт, өткен жылғы статистика көрсеткендей қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 742 рет рейд жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәртіп бұзған 53 азамтқа 730 миллионға жуық айыппұл салынды. Сол себепті облыс тұрғындарына шомылу маусымының басталуына орай судағы қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтауларын сұраймын»-деді сала басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...