Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Астана мен Скопье арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

– Қазақстан Солтүстік Македониямен жан-жақты серіктестікті дамытуға мүдделі және Сіздің еліңізді Балқан түбегіндегі сенімді әріптес ретінде қарастырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Гордана Силяновска-Давкова Қазақстанға шақырғаны үшін Президентке алғыс айтып, екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайтуға зор әлеует бар екенін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылады. Президенттер Қазақстан-Солтүстік Македония қарым-қатынастарының барлық саласына тың серпін беруге уағдаласты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перспективті бағыттарға назар аударылды. Мемлекеттер басшылары Солтүстік Македонияның танымал Alkaloid фармацевтикалық компаниясының Алматыда өкілдік ашу туралы шешімін құптады.

Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...