«Тассай» индустриалды аймағын аралады

«Тассай» индустриалды аймағын аралады

ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман «Тассай» индустриалды аймағын аралап көріп, сондағы өндіріс орындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты іс-шаралар қарастырылған. Осы бағдарламаның орындалу барысы мен кездесіп жатқан кедергілерді азайту – кәсіпкерлер мен депутаттың арасындағы әңгіме өзегі болды.

Тассай» индустриалды аймағы 89 гектар жерді алып жатыр. Мемлекет тарапынан бөлінген 1,06 миллиард теңгеге, жеке компаниялар 45,5 миллиард теңге инвестиция алып келген. Қазір мұнда 27 ,04 миллиард теңгеге 17 жоба іске асты. Ол кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, өнім шығарып жатыр. Тағы 16 кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Біразы жақын арада іске қосылмақшы. Оларға жұмсалған қаржы 11,7 миллиард теңге.

Мәжіліс депутаты трансформатор шығаратын заводтың ішін аралады. Мұндағы шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге сатылады. Елімізге валюта алып келіп жатыр. Індеттің экономикағы әсері тиіпті. Шетелдіктерден түсетін тапсырыс азайған. Дегенмен, өндірісті басқа бағытқа бұрып, жұмыс үш ауысымда ұйымдастырылған. Кәсіпорын басшысы зауыттың іргесіндегі жерге жұмысшылар үшін тұрғынүй салуға айналадағы көршілерімен келісе алмай отырғанын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...