Су – болашаққа салынған басты инвестиция: Қанат Бозымбаев Астана экономикалық форумында сөз сөйледі

Су – болашаққа салынған басты инвестиция: Қанат Бозымбаев Астана экономикалық форумында сөз сөйледі

Астана экономикалық форумы аясында «Су қауіпсіздігі – Орталық Азияның тұрақты болашағына арналған негізгі инвестиция» тақырыбында сессия өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндама жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Вице-премьер өз сөзінде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына форумды ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені және Қазақстанның климаттық сын-қатерлерді еңсерудегі күш-жігерін қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, климаттың жылдам өзгеруі жағдайында Орталық Азия елдері су ресурстары саласындағы мәселелердің ұлғаюымен бетпе-бет келіп отыр – бұл өзен суының азаюы, құрғақшылық пен су тасқындарының жиілеуі. Осыған байланысты суды тиімді пайдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде басты басымдықтарының біріне айналуда.

Сессияда вице-премьер су саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын атап өтті:

Бірінші. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту. 42 жаңа су қоймасын салу және 30 қолданыстағы су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару арналарын жаңғырту жоспарланған. Бұл суармалы жерлердің көлемін арттыруға, төтенше жағдайларға төтеп беруге және экономиканың түрлі салаларын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екінші. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру. Қазақстан ауыл шаруашылығында суды үнемдеу технологияларын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, суару жүйелерін құру мен тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау үлесі 50%-дан 80%-ға дейін артты.

Үшінші. Су секторын цифрландыру. Бірыңғай су кадастры қалыптастырылатын  Hydro.gov.kz  цифрлық платформасы құрылуда. 3,5 мың шақырымнан астам суару арналарын цифрландыру және су есебін жүргізу жүйесін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Төртінші. Су ресурстары саласындағы заңнаманы жетілдіру. Экологиялық және технологиялық заманауи талаптарды ескере отырып, су ресурстары саласындағы заңнама жаңартылуда.

Бесінші. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша көршілес мемлекеттермен белсенді ынтымақтастық орнатуда. Үкіметаралық бірқатар келісімге қол қойылып, гидрологиялық және гидрохимиялық ақпарат алмасу жүзеге асырылып, су пайдалану режимдері келісіліп, төтенше жағдайлар кезінде бірлескен іс-қимылдар үйлестірілуде.

Аралды құтқару халықаралық қоры (АҚХҚ) аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылуда. Қазақстан Қор шеңберіндегі міндеттемелерге әрдайым берік екенін көрсетіп келеді және оның ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын одан әрі жетілдіруді қолдайды.

«Біз АҚХҚ-ны реформалау бойынша алдағы уағдаластықтардан зор үміт күтеміз. Бұл маңызды өңірлік ұйымның барлық Орталық Азия елдерінің мүдделерін ескере отырып, тиімділігін арттыруға бағытталған», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Сөз соңында вице-премьер су мәселелері бойынша шешім қабылдауды жеделдету және өңір елдерінің климаттық және табиғи қатерлерге төтеп беру қабілетін арттыру қажеттігін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...