Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі және елімізге келетін француз инвестициясы ұдайы артып келеді. Бұл экономикалық байланыстарды нығайтуға тараптардың ортақ ұмтылысын байқатады. Мемлекет басшысы осындай оң динамиканы сақтау қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 келісімге қол қойылған қазақ-француз бизнес-форумының нәтижесін жоғары бағалап, уағдаластықтарды уақтылы орындаудың маңызына назар аударды.

Әңгімелесу барысында энергетика, атом өнеркәсібі, денсаулық сақтау, фармацевтика, су ресурстарын басқару және басқа да салаларда өзара ықпалдастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдалана отырып, Франция Президенті Эмманюэль Макронға ыстық ықыласын жолдады.

Лоран Сен-Мартен Астанаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келгенін, әртүрлі саланы қамтитын ұжымдар елімізбен іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы сауда айналымының көлемі 5,5 миллиард долларға жетті. Бұл тауар айналымының 31 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. 2005 жылдан 2024 жылға дейін Францияның елімізге құйған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард долларды құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...