Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

2025 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда» атты кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Негізгі мақсат - балаларға қауіпсіздік негіздерін үйрету, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігіне аудару.

Іс-шараның ашылуында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Сергей Афанасьевич Огай құттықтау сөз сөйлеп, балалардың амандығы мен әл-ауқаты -қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.

 Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тәрбиелік мәнге ие болды:

  • Өрт сөндіру, құтқару және медициналық көмек көрсету техникалары көрсетіліп, мамандар олардың мүмкіндіктері жөнінде түсіндірді;
  • Балаларға өрт пен суда өзін-өзі ұстау ережелері туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді;
  • Бүлдіршіндер құтқарушылар бейнесін өз көзқарастарымен бейнелеген сурет байқауына қатысты;
  • Өрт сөндіруші киімін жылдам кию сайысы, «Кім тапқыр?» атты викторина және спорттық эстафеталар балалардың логикалық ойлау қабілетін және тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталды;
  • Қызметтік ит Берта өзінің шеберлігін көрсетіп, балалардың көңілін көтерді.

Барлық белсенді қатысушыларға ТЖД тарапынан естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 Іс-шара Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы 10 күндік декада шеңберінде өтті. Осы уақыт аралығында ТЖД-ның Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары бойынша басқармалары өз аумақтарында «Ашық есік» күндері, профилактикалық іс-шаралар, танымдық викториналар, сурет байқаулары мен спорттық эстафеталар ұйымдастырды.

 Бұл күн балаларға тек қуаныш пен мерекелік көңіл-күй ғана емес, сондай-ақ өмірде қажет болатын маңызды қауіпсіздік білімдері мен дағдыларын сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...