Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады

Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанды аймақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және екі ел арасында сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Ауғанстанда орнықтылық пен қауіпсіздіктің орнауына мүдделі. Бұл аймақтың игілігі жолында ауған мемлекетінің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Өзара байланыстарды қалпына келтіру мақсатында Қазақстанның үкіметтік делегациясы Кабулға екі рет барды.

Нуриддин Азизи Қазақстанның халықаралық ұйымдарда Ауғанстан тақырыбын дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқаны және гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Ол ресми Кабулдың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді. Бұл Ауғанстанда жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геологиялық барлау мен цифрландыру бағыттарындағы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Қазақстан компаниялары ауған аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға дайын. Қазіргі кезде Тургунди – Герат темір жол құрылысы салынып жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның Ауғанстанға ауыл шаруашылығы өнімдері мен химия өнеркәсібі тауарларының экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі зор.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...