Әлеуметтік сала қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда

Әлеуметтік сала қызметкерлері біліктіліктерін арттыруда

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты он мекеменің 146 әлеуметтік сала қызметкері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар-тренингке қатысуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қыметі.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған семинардың басты мақсаты халықпен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін сала мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдау. Себебі халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жасау барысында түрлі жағдайларда азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу маңызды рөл атқарады.

Семинар-тренинг карантиндік талаптарды сақтау мақсатында ZOOM желісі арқылы онлайн өтіп жатыр. Мамандардың жұмыс сапасы мен біліктілік деңгейі алдағы уақытта да бақылауға алынып, мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Француз Республикасының Мәдениет министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік...