Француз компаниясы Қазақстан су инфрақұрылымын жаңғыртуға қызығушылық танытты

Француз компаниясы Қазақстан су инфрақұрылымын жаңғыртуға қызығушылық танытты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев SUEZ компаниясының аға вице-президенті Сильвер Делонемен келіссөздер өткізді. SUEZ – экологиялық қызметтер мен тұрақты инфрақұрылымдық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Бүгінде компанияның 40-тан астам елде өкілдігі бар, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында компанияның Қазақстанда Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде Ұлттық жоба аясында еліміз бойынша 4,7 мың шақырым су құбыры мен 2,6 мың шақырым кәріз желісін жаңғырту жоспарланып отыр.

SUEZ компаниясының елімізде операциялық өкілдігі болмағандықтан, қазақстандық тарап компанияға біздің елімізде өз өкілдігін ашуды ұсынды. Бұл ұзақмерзімді ынтымақтастыққа жасалатын маңызды қадам болар еді.

Серіктестік аясында Қанат Бозымбаев су ресурстарын басқару және су тазарту технологияларын трансферттеудің, қазақстандық мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау және local content басымдықпен қолданудың өзектілігіне назар аударды.

Тараптар өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін пысықтау үшін жұмыс тобын құруға келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...