Алматыда жас суретшілердің пленэрлік жұмыстар көрмесі өтті

Алматыда жас суретшілердің пленэрлік жұмыстар көрмесі өтті

26-30 мамыр аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен филармонияның 90 жылдық мерейтойына орай жас суретшілердің өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Көрмеге Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледждерінің студенттері қатысты. Олар ғасырға жуық тарихы бар филармония ғимаратының іші мен сыртқы көрінісін өзіндік көзқараспен бейнеледі. Жас суретшілердің салған туындылары филармония фойесіне қойылды.

«Филармония жас суретшілер көзімен» жобасы – мәдениет пен өнер саласындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың және жас дарындарды қолдаудың айқын көрінісі. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында қара шаңырақта әлі де игі бастамалар жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...