Шегірткеге қарсы күрес шаралары 844 мың гектар аумақта жүргізілді

Шегірткеге қарсы күрес шаралары 844 мың гектар аумақта жүргізілді

2025 жылғы 31 мамырдағы жедел деректерге сәйкес, Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестерінің бар-жоғын анықтау мақсатында 5,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жері зерттелді. Оның ішінде 844 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, онда 371 786 гектар жер өңделді, қазіргі уақытта аумақты толық тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы шаралар толық аяқталды. Сонымен қатар, итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 27 898 гектар аумақта жалғасуда.

Үйірлі шегірткеге қарсы күрес шаралары еліміздің 15 өңірінде белсенді түрде жүргізілуде.

Болжам бойынша, 2025 жылы Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестері 2,1 млн гектарға дейін жерді басып алуы мүмкін. Ең жоғары қауіп Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында сақталып отыр.

Жалпы, 443 бірлік арнайы өңдеу техникасы жұмылдырылды, оның ішінде 55 жеңіл авиациялық ұшақ пен 49 дрон бар.

Жергілікті жерлерде жұмыстарды облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар үйлестіруде. Мониторинг пен күрес шараларына 4 625 маман тартылды.

Шегіртке зиянкестері ошақтарын анықтау және жою бойынша кешенді шаралар жоспарлы түрде жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...