Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды. Онда Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинмен екіжақты кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, үкіметаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруды үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $900 млн-ға жетті, биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, $200 млн-ға жуықтады. 

Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ кездесу соңында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, оның ішінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің...

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...