Біртұтас цифрлық платформа, Smart Turmys және call-орталық: Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша міндеттер жүктеді

Біртұтас цифрлық платформа, Smart Turmys және call-орталық: Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша міндеттер жүктеді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға арналған жобалық кеңсенің отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыс барысында 2025 жылға арналған инвестициялық жоспар мен нарықтық қаржыландыруды тарту арқылы пилоттық жобаларды іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар қаралды. Қанат Бозымбаев ұйымдастырушылық іркілістердің алдын алу мақсатында пилоттық жобаларды іске асырып жатқан табиғи монополия субъектілері (ТМС) үшін нұсқаулық әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, вице-премьер ТМС-тің электронды сатып алу платформасы мен EPC-мердігерлер мен жеткізушілерді іріктеу жүйесін жеделдетіп құруды және салалық мемлекеттік органдарға қажетті өнім көлемдерін айқындап, іріктеу кезеңінде барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын тетіктерді әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев Smart Turmys бірыңғай платформасын іске қосу және есепке алу аспаптарына қойылатын стандарттар мен техникалық талаптарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды. Жеке жауапкершілік өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, жұмыс тобының жетекшісі Жәннат Дүбіроваға жүктелді.

Қанат Бозымбаев тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында инвесторлар, мердігерлер, отандық өндірушілер мен ТМС үшін call-орталықты және Ұлттық жобаны түсіндіру үшін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ресми сайтын іске қосуды тапсырды.

Ұлттық жобаны тиімді іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар арасында үйлесімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша жеке жауапкершілік ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевқа жүктелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...