Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және...