Қазақстан мен Германия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Германия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының көлік министрі Марат Қарабаев көлік саласындағы жетекші неміс компанияларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Еуропадағы ең ірі авиациялық хабтардың бірі Airport München әуежайының бас директоры Йост Ламерспен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Германия арасында Шымкент-Мюнхен бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын жүзеге асырудың, рейстер жиілігін одан әрі арттырудың, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымын басқарудың озық технологиялары мен стандарттарын қолданудың маңызын атап өтті.  Авиациялық қызметтерді цифрландыру, ұшу қауіпсіздігі деңгейін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Мюнхен қаласында DB Cargo Eurasia GmbH Басқарушы директоры Андреас Любспен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Көлік бағытының бәсекеге қабілетін арттыру үшін қазақстандық және еуропалық операторлардың қатысуымен бірлескен жобалар құру мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ Siemens Mobility компаниясының локомотив және жолаушылар тасымалы жөніндегі вице-президенті Штефан Бобсиенмен кездесу өтті. Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігін жаңғырту саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, оның ішінде:
- заманауи энергия үнемдейтін локомотивтер мен электр пойыздарын жеткізу;
- Қазақстанда өндіріп шығару мүмкіндігі;
- жылжымалы құрамға қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету желісін дамыту;
- пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық және автоматтандырылған шешімдерді енгізу,
- Siemens-тің қала маңындағы және өңіраралық жолаушылар қатынасын дамыту жөніндегі жобаларға қатысуы.

Siemens Mobility компаниясының тәжірибесін ескере отырып, тараптар ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударуға қызығушылық танытты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...