Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын фракциялау зауытының құрылысы басталды

Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын фракциялау зауытының құрылысы басталды

Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын (СМГ) алу, тасымалдау және фракциялау зауыты жобасының құрылыс жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру ішкі нарықты СМГ-мен тұрақты қамтамасыз етуге және газ мотор отыны тапшылығын азайтуға бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім аясында мердігер компаниялар арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асырылуда. 2024 жылы «QazaqGaz» АҚ мен «НортКаспиан Оперейтинг Компани» ЖШС арасында СМГ сату-сатып алу шартына қол қойылып, жобаның Жол картасы бекітілді.

Қазіргі таңда нөлдік цикл жұмыстары жүргізілуде: жабдыққа іргетас қалау, ғимараттар мен инфрақұрылым салу жұмыстары атқарылуда. Ішкі нарыққа одан әрі өткізу үшін газдың алғашқы легін қабылдау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және газ өңдеу саласының дамуына елеулі үлес қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...