Қазақстан-Андорра футбол матчы кезінде елорда жастары «Таза Қазақстан» ауқымды флешмобын өткізді

Қазақстан-Андорра футбол матчы кезінде елорда жастары «Таза Қазақстан» ауқымды флешмобын өткізді

Астанада Экология күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында флешмоб өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара «Астана-Арена» стадионында Қазақстан мен Андорра ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық матчтың үзілісінде өтті.

Экологиялық мәдениеттің маңызын жеткізіп, табиғатты қорғауды насихаттау үшін флешмобқа 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында студенттер, волонтерлер мен белсенділер бар. Жастар мыңдаған көрерменнің алдында әсерлі қойылым ұсынды.

Димаш Құдайбергеннің «Tau Ishinde» әніне жастар хореографиялық номер орындап, қойылым соңында «Таза Қазақстан» деп жазылған көрініс шықты.

Сонымен қатар трибунада дәл осындай мәтінмен 10x15 метрлік алып ту жайылды. Экологиялық бастаманы қолдаған жанкүйерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтерді.

Флешмоб арқылы жастар қарапайым, бірақ маңызды дүниені еске салды. Ол – табиғатты аялап, қоршаған ортаға қамқор жандардың еңбегіне құрмет көрсетіп, жұмысын бағалау.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...