Ақтауда «DOSTI Skills» халықаралық достық чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтауда «DOSTI Skills» халықаралық достық чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің студенттері арасында «DOSTI Skills» халықаралық достық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан, ТМД елдері, Қытай, Сауд Арабиясы және Австриядан келген студенттер мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Үш күн бойы жас мамандар «Электроника», «Автономды мобильді робототехника» және «Прототиптеу» сынды үш негізгі құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Чемпионат тек жарыс алаңы ғана емес, сонымен қатар диалог алаңына айналды: колледждер ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, халықаралық бағдарламалар, студенттер мен оқытушыларға арналған тағылымдамалар бойынша келісімдерге қол жеткізді.

Шара кезіндегі жарқын оқиғалардың бірі — білім беру саласындағы цифрлық және инновациялық шешімдер көрмесі болды. Сонымен қатар үш мыңға жуық мектеп оқушысы кәсіби бағдарлау сессияларына қатысты, бұл болашақ мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болды.

Чемпионат қорытындысы бойынша 16 жеңімпаз анықталды. 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль, сондай-ақ 7 «Үздік маман» медальоны табысталды. Жеңімпаздар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болды.

Шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...