Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады.

Президент мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.

Даррен Вудс Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...