Қанат Бозымбаев Атырауда өткен көшпелі отырыста облыс әкімдерімен батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесін талқылады

Қанат Бозымбаев Атырауда өткен көшпелі отырыста облыс әкімдерімен батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесін талқылады

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, Батыс өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шұғыл шаралар жоспарын, «Ауыл аманаты» жобасын және бюджеттік жоспарлау саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Абдікәрімов, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты.

Бюджет кодексін реформалау және бюджеттік жоспарлауды Өңірлік стандарттар жүйесімен (ӨСЖ) ұштастыру мәселесі талқыланды. Аталған жүйе қаржыландыруды инфрақұрылым алшақтықтары бар өңірлерге басымдықпен бағыттауға мүмкіндік береді.

Мәселен, кәріз желілерінің тозуы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық деңгейден, ал Атырау мен Маңғыстау облыстарында жылу желілерінің тозуы ел бойынша орташа деңгейден жоғары. Барлық батыс өңірлерде электр желілерінің айтарлықтай тозғаны және жолмен қамтамасыз етудің төмен деңгейі байқалды.

Вице-премьер инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау кезінде ӨСЖ көрсеткіштерін ескеріп, артта қалған елді мекендерге басым түрде қаржы бөлудің маңыздылығын атап өтті.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында, ауылдарды орнықты дамыту мақсатында, 2029 жылға дейін батыс өңірлерде 2,5 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асып, 26 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Қанат Бозымбаев әкімдіктерге 1 шілдеге дейін жоба скринингі нәтижелері бойынша ауылдық округтердің мамандануын айқындауды және халыққа шағын несие беру тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ Батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шұғыл шаралар жоспарының орындалу барысы бойынша есептер тыңдалды.

Жұмыс сапары аясында вице-премьер Атыраудағы бірқатар маңызды нысанды аралады: «Атырау Су Арнасы» КМК, №5 сүзгі стансасы, Атырау қаласына кіреберіс жолдың құрылысы және кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмыстарын тексерді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...