Қазақстандық оқушылар EuPhO-2025 еуропалық физика олимпиадасында ел намысын қорғайды

Қазақстандық оқушылар EuPhO-2025 еуропалық физика олимпиадасында ел намысын қорғайды

13–17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 өтеді. Олимпиадаға 30 елден 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасына 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және физика пәні бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді:✅

Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
✅Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
✅Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
✅Таир Абдикадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
✅Алтаир Ақанов – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
⚙️Қазақстан құрамасының жетекшілері:
✅Андрей Владимирович Сидоренко – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы;
✅Темірлан Айдарұлы Исмағұлов – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

✨Біздің командамызға сәттілік тілейміз!
Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы — ғылымға қызығушылығы бар, дарынды мектеп оқушыларына арналған халықаралық аймақтық жарыс. Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...