Қазақстан мен БҰҰ 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық шеңберінде әріптестікті нығайтады

Қазақстан мен БҰҰ 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық шеңберінде әріптестікті нығайтады

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат климаттың өзгеруі мен тұрақты даму саласындағы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰ жүйесі арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі күш-жігер аясында қол қойылды.

Меморандум Саммитті ұйымдастырушылық жағынан сүйемелдеу, ақпараттық өзара іс-қимыл және сараптамалық қолдау бағыттары бойынша бірлескен жұмысты көздейді. Дайындық жұмыстарын үйлестіру үшін БҰҰ жүйесі шеңберінде салалық агенттіктердің қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады.

Бұл бастама Орталық Азияда экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша бірлескен күш-жігерді арттыруға деген ұмтылысты растайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...