Қытайлық делегация Шымкентке келді

Қытайлық делегация Шымкентке келді

2025 жылдың мамыр айында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырза бастаған қытайлық делегация ресми сапармен Шымкентке келді.

Сапар аясында делегация «Wan Sheng Ceramic» зауыты, «Bal Tekstil» фабрикасы, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «QAZALPACK» зауытын аралап, өндірістік әлеуетпен танысты. Қала әкімдігінде қала басшылығымен кездесу өтіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында G2B форматындағы келіссөздер ұйымдастырылды.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен алдағы мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті, жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.

Сапар аясында Шымкент пен Қытайдың Сиань және Байинь қалалары арасындағы бауырластық қатынастарға да назар аударылды. Бұл байланыстар іскерлік ынтымақтастықпен қатар, мәдени, білім беру және ғылыми бастамаларды қамтитын гуманитарлық әріптестікті де нығайтуға ықпал етіп келеді.

Кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз қаланып, қытайлық делегацияның бұл сапары түрлі саладағы конструктивті серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...