«Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті

«Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті

26 маусымда бүкіл әлем жұртшылығы Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өтеді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген іс-шараға қала тұрғындары, спортшылар, полиция қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Шындығында, есірткі пайдалану және оның заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның денсаулығын құртып, олардың тағдырын күл-талқан етіп жатыр. Бұл іс-шара нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдарына және оны еңсеруге бағытталған шараларға қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осындай іс-шаралар арқылы азаматтардың, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, есірткі қылмысының алдын алу көзделіп отыр.

Шара барысында ұйымдастырушылар есірткіге қарсы насихат жүргізіп, қатысушыларға нашақорлықтың зияны мен қауіптілігі жайлы ақпарат берді. Спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, сондай-ақ. адамның ерік-жігерін шыңдайтын, жаман әдеттерден аулақ болуға дағдыландыратын маңызды құрал.

Қатысушылар 5 шақырымды артқа тастап, мәре сызығын бағындырды. Белсенділерге ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар үйлестірілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...