Емханалардағы мобильді бригадалар күніне 1000 шақыртуға барады

Емханалардағы мобильді бригадалар күніне 1000 шақыртуға барады

Шымкент қаласындағы мемлекеттік және жекеменшік емхана жанынан құрылған мобильді бригадалар күніне 1000 шақыртуға барады. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты амбулаториялық көмек көрсететін бригада мамандарына түсетін шақыртулар саны артып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

Басқарма басшысы қала әкімдігінің Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда 39 мемлекеттік және жекеменшік емханада 205 мобильді бригада жұмыс істеуде. Аталған бригада қызметкерлері Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері бар пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп, ковидке күдікті пациенттерден жедел және ПТР-тестілеу алады.

- Қазіргі таңда 4 313 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 2 551 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Осы амбулаториялық ем қабылдап жатқандарға мобильді бригада қызметкерлері көмек көрсетуде. Қалада жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 13 521 науқас анықталған. Өкінішке қарай, 248 науқас қайтыс болған. Соңғы бір айда көз жұмғандардың саны күрт көбейген. Инфекциялық стационарда коронавируске шалдыққан 121 жүкті әйел емделуде. Қауіпті инфекция жұқтырған 6 жүкті әйелдің жағдайы ауыр, -деді Б. Позилов.

Айта кетейік, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 418 жағдайы тіркелді. Қазір инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 171 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 64% құрайды.

Басқарма басшысы тікелей эфир барысында тұрғындардың сауалына жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе пешего обхода ул. Жансугурова ознакомился с реализацией проектов благоустройства, состоянием инфраструктуры и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және...

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ...

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер...