"ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері" форумы Алматыда өтті

"ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері" форумы Алматыда өтті

25 маусымда Алматы қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен "ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері" тақырыбында форум өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» мемлекеттік бастамасы аясында ұйымдастырылып, азаматтардың цифрлық ортадағы қазіргі қаржылық қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға және қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталды.

Форум жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, қаржы және цифрлық қауіпсіздік саласының сарапшылары, жастар, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Спикерлер қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қаржылық пирамидалармен күрес секілді маңызды мәселелерді талқылады. Бұл тақырыптар цифрлық дәуірде өзекті қауіптердің бірі болып отыр.

Форум аясында интернет-алаяқтық пен заңсыз қаржылық пирамидаларға қатысты нақты қылмыстық істер қаралып, осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға алаяқтық схемалар мен оларды анықтау тәсілдері бойынша талдамалық шолулар ұсынылды.

Форум қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ халық арасында қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді алаңға айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...