Шымкент қаласында гобелен өнерінің негізін қалаушы, белгілі суретші Батырбек Өтептің туғанына 80 жыл толуына орай «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Қалалық Көрме орталығында өткен көрмеде суретшінің шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің дамуына қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Іс-шараның басты мақсаты – өнер қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның еңбектерін дәріптеу және кейінгі ұрпаққа рухани өнеге ретінде жеткізу.
Батырбек Өтептің шығармашылығында ұлттық нақыш, халықтың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтары маңызды орын алады. Әсіресе, гобелен өнерін дамытудағы еңбегі қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты.
Мерейтойға арналған мәдени іс-шара ұлттық өнерді ұлықтауға, суретшінің шығармашылық мұрасын сақтауға және жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.





