Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ұзындығы 398 шақырым қалалық жылу желілерінің тозуы – 56,6%. Бұл тұрғын үйлер, әлеуметтік және т. б. нысандарды жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Жылыту маусымында ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді.

Жезқазған қаласының кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды.

Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны толық аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін алдағы жылыту маусымына сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...