Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Беларусь, Минск қаласы

Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста Иран Президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу форматында), Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.

Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...