Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Ақтөбеде "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Ақтөбеде "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Ақтөбеде "Жас сақшы" сыныбы ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының К. Нокин ауылындағы №65 орта мектепте Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілген "Жас сақшы" сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба Ақтөбе облысы полиция департаментінің қолдауымен жүзеге асырылып, өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын оятуға бағытталған.

Жаңа сыныпқа оқу үлгерімі, тәртібі және ынтасы жоғары 25 оқушы іріктеліп алынды. Салтанатты іс-шарада арнайы полиция формасын киген оқушыларға куәліктер табысталып, салтанатты түрде ант қабылдады. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің формасын кию — бұл бағыттың маңыздылығы мен жауапкершілігін көрсетеді.

Ерлік тарихқа деген құрмет пен патриоттық тәрбиенің белгісі ретінде Абай Жусупов мектепке Әлия Молдағұлованың мүсінін тарту етті. Бұл сыйлық — Отанға адалдықтың, батырлық пен әділет жолындағы табандылықтың символына айналды. Мұндай қасиеттер болашақ құқық қорғаушыларға тән болуы тиіс.

— Заң мен тәртіп оқушыларға бүгін ғана емес, болашақ өмірлерінде де серік болуы қажет, — деді Абай Жусупов өз сөзінде.

Сондай-ақ полиция департаменті мен мектеп арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

"Жас сақшы" жобасы мектеп пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтуға, оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...