Еңбек министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті

Еңбек министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің (бұдан әрі – СК) бірінші отырысы өтті, оның мүшелері ведомствоның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді, сондай-ақ жаңа бастамаларға баға береді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

СК құрамына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларынан еңбек сіңірген мамандар, сондай-ақ жұмыс берушілер қауымдастықтары мен кәсіптік одақтардың өкілдері кірді. БҰҰ жанындағы Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің басшысы Әлихан Байменов тұрақты төраға болып белгіленді.

СК бірінші отырысын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде сарапшылардың пікірі ведомство реформаларының тиімділігін едәуір арттыра алатынын атап өтті.

«Бүгін Сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтуде. Оны құру идеясы Әлихан Байменовке тиесілі және біз оны толықтай қолдауға дайынбыз. Негізгі мақсат – жаңа бастамаларға сараптамалық баға беру, кәсіби пікірлер мен ұсыныстарды тыңдау. Бұл бізге әзірленетін шешімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қоғамға сеніммен шығуға және азаматтардың өмірін қалай жақсартуға ниет білдіргенімізді түсіндіруге көмектеседі. Әрбір отырыста біз сарапшыларға аналитикалық материалдардың толық пакетін ұсынатын боламыз және әлеуметтік-еңбек саясатының барлық негізгі бағыттары бойынша мазмұнды ұсыныстарға сенеміз», – деп атап өтті Еңбек министрлігінің басшысы.

Министр отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың скорингтік үлгісін көрсетті, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформа арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті.

Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырыстары ай сайын өткізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...