Еуропа Кеңесінде Қазақстанның саяси реформалар тәжірибесі таныстырылды

Еуропа Кеңесінде Қазақстанның саяси реформалар тәжірибесі таныстырылды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов бастаған қазақстанстандық делегация Еуропа Кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан саяси реформалар туралы баяндады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан тарапы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жанындағы саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитеттің отырысына қатысты. Жиын барысында Қазақстанда демократия, адам құқықтары мен азаматтық қоғамды дамыту бағытында реформалар жүйелі түрде іске асып жатқаны сөз етілді.

Атап айтқанда, елде бейбіт жиналыс туралы заң қабылданды, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу тәртібі жеңілдетілді, қазіргі таңда Қазақстанда 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелдң.

Сонымен қатар, Еуропаның озық тәжірибесі негізінде әзірленген «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама туралы» заң қолданысқа енгізілді. Бұдан бөлек, гендерлік теңдікті нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес шаралары күшейтілді. Бұл бағытта БҰҰ-ның Әйелдер ұйымының қолдауы да бар. Елде ұлтаралық келісімді нығайту бастамалары да қолға алынған.

Кездесу аясында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі құрылымдарының болашақтағы ынтымақтастығы талқыланды.

Сондай-ақ, Евгений Кочетов Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Бьерн Бергпен кездесті. Кездесуде ол Қазақстанның халықаралық серіктестерін жоғары бағалайтынын және адам құқықтары саласындағы ұстанымдарын нығайта отырып, инклюзивті саясатты дамыту бағытында жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында Бьерн Берг Қазақстанды қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияға қосылуымен құттықтады. Аталған құжатқа қазіргі таңда 46 мемлекет мүше.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...