ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Байтұрсынов пен ҚР ҒЖБМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Құсманов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағыттарының бірі - кәсіби әлеуетті, оның ішінде жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) бағыты бойынша дамыту. Бұған қоса, «Болашақ» халықаралық стипендиясына іріктеу қағидалары, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша ақпарат алмасуды, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша консультацияларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Әлемдік жетекші компанияларда IT және ЖИ саласындағы мамандардың кәсіби тағылымдамаларына ерекше назар аударылатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектті жедел дамыту және пайдалану мәселесін бірнеше рет көтергенін атап өту қажет. Осыған байланысты, ЖИ саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру елдің кадрлық әлеуетін дайындауға және дамытуға үлес қосады.

Меморандумға сәйкес тараптар инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрландыру, инновациялық даму және аэроғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсетуге келісті.

Кездесуге сондай-ақ, Astana Hub және «ҰАТ» АҚ өкілдері де қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...