Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында күнбағыс өсірудің озық технологиялары талқыланды

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында күнбағыс өсірудің озық технологиялары талқыланды

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында күнбағыс өсірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік ғылыми зерттеулер мен агротехнологияларды қолдау бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің фермерлері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және тұқым шаруашылықтарының өкілдері қатысты.

Семинардың негізгі спикері – майлы дақылдар селекциясы саласындағы сарапшы Ольга Гаврилова болды. Ол Шығыс Қазақстан жағдайына бейімделген гибридтерге шолу жасап, ExpressSun, Clearfield және классикалық жүйелер сынды түрлі өсіру технологияларын таныстырды. Ерекше көңіл аурулар мен зиянкестерден қорғау әдістеріне, тұқым шаруашылығының ерекшеліктеріне және мемлекеттік қолдау шараларына бөлінді.

Агроном-сарапшы Бақытжан Қариполданов тұқым шаруашылығы мен өсімдіктерді қорғау саласындағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар күнбағыс өсіру технологиялары, мемлекеттік қолдау шаралары және тұқым шаруашылығына қатысты тәсілдер бойынша белсенді пікірталас жүргізді. ШҚ АШТС-ның демонстрациялық алқаптарында фермерлер күнбағыс сорттары мен гибридтерін өсіруде қолданылған түрлі агротехнологиялардың нәтижелерімен танысты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал қонақтар шараны ұйымдастырушыларға пайдалы әрі мазмұнды формат үшін алғыстарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...