Ғылым және жоғары білім министрі мен Үндістан Елшісі ЕҰУ суперкомпьютерінің жұмысымен танысты

Ғылым және жоғары білім министрі мен Үндістан Елшісі ЕҰУ суперкомпьютерінің жұмысымен танысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тхатипамула Венката Нагендра Прасад Ақкөл қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ Деректерді өңдеу орталығында PARAM BILIM-2 суперкомпьютерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов суперкомпьютердің қызметі туралы айта келе, 2025 жылғы наурызда жаңғыртылған және іске қосылған суперкомпьютердің ғылыми және білім беру бастамалары үшін маңызды құралға айналғанын атап өтті.

Сонымен қатар ректор бүгінде «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлерін қоса алғанда, 60-тан астам маман, сондай-ақ ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің магистранттары, докторанттары мен оқытушылары суперкомпьютерде жұмыс істеу үшін арнайы дайындықтан өткенін айтты.

Кездесуге қатысушылар ЕҰУ ғалымдары мен KazSat өкілдері атынан KazSat спутниктік тобының телеметриялық деректерін талдау үшін суперкомпьютерді пайдалану туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ кездесу барысында ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Шахмаран Сейілов Үндістан, Орталық Азия, Ресей және Оңтүстік Корея елдерінің қатысуымен аймақтық Кванттық альянс құру туралы көзқарасты ұсынды. Бұл альянс кванттық технологияның серпінді дамуы үшін аймақтың ғылыми әлеуетін біріктіруге арналған.

Ғалымдар ұсынған перспективалы жобалардың қатарында Қазақстанның минералдары мен ормандарының цифрлық карталарын жасау, сондай-ақ суперкомпьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжау бар. Бұл бастамалар экология, ауыл шаруашылығы және ресурстарды басқару саласындағы стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған.

Кездесу барысында министр мен дипломат суперкомпьютерлік және кванттық технологиялардың, сондай-ақ жоғары технологиялар мен ғылыми инновациялар саласындағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Министр Саясат Нұрбек Үндістан Елшісіне ЕҰУ жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Үнді-қазақстандық оқу орталығының (IKCEICT) қызметін қолдағаны және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Айта кету керек, PARAM BILIM-2 суперкомпьютерін Үндістан мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Үндістан C-DAC корпорациясы ЕҰУ-ға сыйға тартты, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының Ұлттық өнімділігі жоғары есептеу инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде пайдалануға берді.

PARAM BILIM-2 30 ғылыми бағыт бойынша жоғары өнімді есептеулер жүргізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...