Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.

 – Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екі кезеңі шеңберінде...

Мемлекет басшысының ұлттық экономиканы әртараптандыру және елдің көлік-логистикалық әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында...