Шымкент: дәрігерлер мен ата-аналарды СST бағдарламасы бойынша оқытуда

Шымкент: дәрігерлер мен ата-аналарды СST бағдарламасы бойынша оқытуда

Қаламызда ДДСҰ СST бағдарламасы бойынша дамуында ерекшелігі бар балаларға күтім жасау дағдыларына ата-аналарды оқыту үшін жаттықтырушыларды даярлау басталды. Оқу курсы Шымкент қалалық №6 емхана базасында өтіп жатыр. Оған қаламыздағы медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің орынбасарлары және баланы дамыту кабинеттерінің жауапты мамандары қатысуда.

– Дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналарын қолдау өте маңызды. Бұл тұрғыда жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруды көздеп отырмыз. Бұл курсты ұйымдастырудағы мақсат – ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту. Сондай-ақ, жоба ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды да көздейді, - дейді Қазақстандағы СST бағдарламасының координаторы Виктория Ахметова.

Оқыту барысында бағдарламадағы әрбір стратегия мамандар тарапынан жіті түсіндіріліп, еркін әңгімелесу арқылы өтті. Арнайы мамандар курс аясында дамуында ерекшелігі бар балалар және олардың ата-аналармен де жұмыс жүргізді.

Оқу курсы бір аптаға жалғасты. Қажетті білім мен дағдыларды игергеннен кейін жаттықтырушылар дамуында ерекшелігі бар балалардың отбасыларымен тікелей жұмысты жалғастыратын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе пешего обхода ул. Жансугурова ознакомился с реализацией проектов благоустройства, состоянием инфраструктуры и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және...

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ...

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер...