Шымкентте шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасындағы қазақстан республикасының чемпионаты басталды

Шымкентте шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасындағы қазақстан республикасының чемпионаты басталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Спорттық сайысты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.

«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс, 2021 жылдың 20-30 шілде аралығында он күн бойы жалғасады.

Іс шараның мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.

Қазақстан Республикасының Чемпионаты 8, 10, 12, 14, 16,18 жасқа дейінгі жас категориялары бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы стандартты, рапид және блиц шахмат бойынша өтуде.

Турнир регламентіне сәйкес, классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі чемпиондары, классикалық ойындардан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға құқық алады.

Ал, классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санаттарына дейінгі Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері, ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде (Кубок) ең көп алтын медаль жеңген аймақ делегациясына беріледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 880 000 теңге.

Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында жарыс "Black Rock Business" ЖШС-нің демеушілігі және Air Astana, Allur Auto, Сарыарка АвтоПром, AIFC, Delix серіктес компанияларының қолдауымен өтуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе пешего обхода ул. Жансугурова ознакомился с реализацией проектов благоустройства, состоянием инфраструктуры и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және...

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ...

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер...