Сиань-Шымкент: жайлы ортаны дамыту жобалары пысықталуда

Сиань-Шымкент: жайлы ортаны дамыту жобалары пысықталуда

Екі күннен бері шымкенттік делегацияның Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы ресми жұмыс сапары аясында бірқатар мазмұнды кездесулер өткізілуде. Сапар Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен бірлесе ұйымдастырылған. Кездесулерде қаланы көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағытында Сианьдегі үздік тәжірибелер таныстырылып, лотос гүлдерін өсіру арқылы саябақтар мен су айдындарын көгалдандыру жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар, делегация заманауи технологиялармен жабдықталған қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Тиімді тәжірибе қаламыздың экологиялық ақуалын жақсартып, жағымды микроклимат қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар басқармасы және қытайлық компаниялардың өкілдерінің қатысуымен B2B форматындағы басқосулар ұйымдастырылып, Shymkent Invest тарапынан мегаполистің инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қытайға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесу...

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде криптоактивтер мен цифрлық дәлелдемелерді анықтау, құжаттау, алып қою және зерттеу...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселелері қаралды. Жиында туризм және спорт министрі Ербол...