2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық

2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық

2025 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық мәселелеріне арналған мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Жиналыс аясында Министрлік ұйымдастырушылық, мазмұнды және коммуникациялық жұмыстың негізгі кезеңдерін қамтитын саммитке дайындықтың Жол картасын ұсынды.

Секторларды үйлестіру, халықаралық әріптестердің қатысуын қамтамасыз ету, саммиттің тақырыптық блоктарын пысықтау және қорытынды шешімдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік органдар бұдан әрі өзара іс-қимыл жасауға және белгіленген міндеттерді іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...