Жастар ісі жөніндегі мамандарды оқыту: цифрландыру мен инновацияға баса назар аудару

Жастар ісі жөніндегі мамандарды оқыту: цифрландыру мен инновацияға баса назар аудару

2025 жылдың 16 шілдесінде Орал қаласында мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында төртінші өңірлік семинар-тренинг басталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға жастар ресурстық орталықтарының 40-тан астам маманы жиналды.

Семинардың мақсаты –мамандардың біліктілігін арттыру және жастармен жұмыс істеудің озық әдістерін енгізу.  

Семинар-тренинг бағдарламасы цифрлық дәуірдегі қатерлерге бағытталған.

Қатысушылар бүгінде жастармен жұмыс істеу үшін міндетті кәсіби стандартқа айналған ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын зерделеп, жасанды интеллект құралдарын және жобалық басқару негіздерін меңгерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оралда өткен семинар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүзеге асыратын ұзақ мерзімді білім беру жобасының бөлігі. Бұл жоспарланған бес тренингтің төртіншісі болды.

Бұған дейін семинар Қосшы, Шымкент және Алматы қалаларында өтті, ал соңғы семинар Павлодарда ұйымдастырылады.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жобасы жастар саясаты саласында мықты кәсіби қоғамдастық құруға және жас ұрпақтың дамуына ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...