Универсиадада ел қоржынына қос медаль түсті

Универсиадада ел қоржынына қос медаль түсті

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов қола медальді еншілеп, ел қоржынына қос бірдей жүлдені салды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Спортшы Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Ал Дамир Шуленов таеквандо жарысында үшінші орынға жайғасып, қола медальдің иесі атанды.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада 16 шілдеде басталған болатын. Байрақты бәсеке 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда. 

Әлемдік додада ел қоржынына қола медаль сыйлаған Айбота мен Дамирді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ел үшін зор қуаныш, ал спортшы үшін үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...