“LOTUS FEST – 2025” фестивалін 3000-нан астам турист тамашалады

“LOTUS FEST – 2025” фестивалін 3000-нан астам турист тамашалады

Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында “LOTUS FEST – 2025” мәдени-туристік фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ресми бөлімге Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің құттықтау лебізін оқып берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Атырау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Дарын Шамұратов өз сөзінде таңнан бері гүлдеген лотостың сұлулығын көруге 3000-нан астам турист келгенін атап өтті. Олардың қатарында еліміздің батыс өңірлерінен және көршілес Ресей Федерациясынан келген меймандар бар.

– Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және туризмді дамыту. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу жоспарда бар. Айта кетерлігі, Қазақстанда лотос табиғи жағдайда тек Қиғаш өзенінің сағасында – Құрманғазы ауданы аумағында ғана өседі. Сондықтан бұл фестиваль ел ауқымындағы ерекше әрі бірегей оқиға болып саналады, – деді Д. Шамұратов.

Фестиваль аясында Астрахань облысынан келген Құрманғазы атындағы Өңірлік мәдениет орталығы қонақтарға мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ жергілікті әртістердің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылып, танымал би топтарының өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль қонақтарының облыс орталығына барып-келуін жеңілдету мақсатында арнайы автобустармен тасымал ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Арнайы мониторинг топтары еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін тексерді. Топтар Құрылтай...

Конкурс пройдет по 10 номинациям: «Литература», «Наука», «Дизайн и изобразительное искусство», «Журналистика», «Классическая музыка», «Общественная...

Фонд «Даму» продолжает работу по повышению доступности государственных мер поддержки для предпринимателей в регионах. В рамках Единой программы...