Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдауға қатысты

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдауға қатысты

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру іс-шаралары аясында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Түрксіб ауданы тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау жұмысына қатысты.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады.

Іс-шара Алматы қаласы Түрксіб ауданының Комьюнити орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауға сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасы мен Полиция департаментінің өкілдері де қатысты.

Іс-шара барысында аудан тұрғындарына білікті заңгерлік кеңестер беріліп, көлеңкелі экономикаға және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары туралы маңызды ақпарат ұсынылды.

Атап айтқанда, экономикалық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және қоғам мен құқық қорғау құрылымдарының тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...