Алматы қаласының полициясы «Таза Қазақстан» науқаны аясында тұрғындарға үндеу жасауда

Алматы қаласының полициясы «Таза Қазақстан» науқаны аясында тұрғындарға үндеу жасауда

Алматы қаласында «Таза Қазақстан» науқаны жалғасуда, оның аясында қала тұрғындарының жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, бейнебақылау камералары күн сайын қаладағы ластау деректерін тіркейді.

«Өкінішке қарай, күн сайын адамдардың қоқысты қасындағы қоқыс жәшігіне емес, айналаға тастайтынын, көліктерінен қалдықтарды лақтыратынын, көшеде түкіріп, қақыратынын, ғимараттардың қасбетін және балалар алаңдарын бүлдіретінін көреміз. Бұл – жай ғана жауапсыздықтың көрінісі емес. Бұл – Заңды бұзу және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің жоқтығы», – деді, ол.

Баяндамашы Ішкі істер Министрлігі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялағанын, және әр көше, әр аула, әр ауданда Заң мен тәртіпті сақтау басты міндет екенін еске салды.

«Біз қауіпсіз әрі таза елде өмір сүргіміз келеді. Бұл әр адамның жеке жауапкершілігінсіз мүмкін емес. Мұндай әрбір дерек – тек әкімшілік құқықбұзушылық қана емес, сонымен қатар Алматының келбетіне және абыройына нұқсан келтіреді. Өзіңізді құрметтеңіз – қалаңызды құрметтеңіз. Қоқыс тастамаңыз. Түкірмеңіз. Егер біреудің қала тазалығын бұзып жатқанын көрсеңіз, бей-жай қалмаңыз, ескерту жасаңыз немесе тиісті қызметтерге хабарлаңыз», – деді, Серік Шумаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...