Жұмыспен қамту орталықтарында ұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады

Жұмыспен қамту орталықтарында ұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде ұлттық

халық санағына қатысуға арналған бұрыштар ұйымдастырылған. Яғни, тұрғындарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында онлайн түрде қатысуға мүмкіндік жасалынбақ. Санитарлық талапқа сәйкес, бөлімшелерге «Ashyq» қосымшасы арқылы кіруге міндеттелген. Қазіргі таңда маңызы зор іс-шараға дайындықтар жүргізілуде.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы бұл жолы екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі тұрғындардың үйлерін аралау арқылы.

Онлайн түрде тұрғындар санақтан 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайты арқылы өте алады.

Арнайы сайт арқылы санақтан өту үшін азаматтың ЭЦҚ (электрондв цифрлық қолтаңбасы) және ЖСН-ы (жеке сәйкестендіру нөмірі) болуы тиіс. Интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді.

Айта кетсек, ұлттық халық санағының 1-кезеңінде шаһарда санақ жүргізушілер тұрғын үйлер мен онда тұратын тұрғындардың санын нақтылау мақсатында әрбір елдімекенді аралап, аудандастыруға дайындықты қарқынды жүргізген болатын.

Нақты есеп нәтижесі ұлттық санақтың 2-кезеңінен соң мәлім болады. Ол 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін созылады.

Ал, 1-30 қазан аралығында санақ кезінде персоналдары үй-үйді аралайтын болады. Тұрғындардың мәліметтері планшеттерге енгізіледі.

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, санақ жұмыстарына Шымкентте 1490 санақ персоналы, яғни 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерді жұмылдыру жоспарланған. Қауіпсіздік мақсатында санақ жүргізуге тартылған азаматтар тек вакцина ектіргендерден жасақталады, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....